Президент сайлауы: Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды

663

Бүгін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Президент сайлауы: Нұрлан Әуесбаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды Фото: azattyq.org

"7 қазанда Орталық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 54 және 55-баптарына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс сайлауы бойынша сайлау құжаттарының нысандарын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 67/545 қаулысына сәйкес Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевтың "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия" Республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы келесі құжаттары ұсынылды", – делінген ОСК таратқан хабарламада.

1. "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия" Республикалық қоғамдық бірлестігінің жоғары органы отырысының Қазақстан Республикасының Президенттігіне ұсыну туралы хаттамасынан үзінді;

2. Н.С. Әуесбаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат болуға келісімі туралы өмірбаяндық деректері қоса берілген өтініші;

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат;

4. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5. Жоғары білімі туралы дипломдардың көшірмелері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу