Президент Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады

442

Бақыт Сұлтанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрлік жұмысының нәтижелері жайында, сондай-ақ, сауда саласының 2025 жылға дейінгі даму мүмкіндіктері мен перспективасы туралы баяндады.

Президент Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты қабылдады Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы министрге сауда саласының сыртқы нарықтарға шығуын қалпына келтіру және оны одан әрі дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президенттің пікірінше, отандық тауар өндірушілердің экспорттық мүмкіндіктерін қолдау, сондай-ақ, техникалық реттеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі арқылы ішкі нарықты сапалы әрі қауіпсіз өніммен қамтамасыз ету маңызды міндеттердің бірі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу