Президент Снежанна Имашеваны жаңа қызметке тағайындады

119

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Президент Снежанна Имашеваны жаңа қызметке тағайындады Фото: Конституциялық сот

– Мемлекет басшысының өкімімен Снежанна Валерьевна Имашева Қазақстан Республикасындағы Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, – делінген хабарламада.

Снежанна Имашева 1981 жылы 20 сәуірде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

М.Өтемісов Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. (2001).

Еңбек өтілі:

"Тұран Әлем Банкі" ААҚ Ақсай филиалының бөлшек кредит беру маманы (08.2001-09.2001)

Нотариус көмекшісі (10.2001-07.2003)

"Жайық Холдинг" ЖШС заң кеңесшісі (08.2003-04.2005)

Заң кеңесшісі, "Ақсайэнерго" ЖШС өткізу қызметінің бастығы (05.2005-09.2011)

"Батыс энергоресурстар" ЖШС Бас директоры (09.2011-03.2016)

"Нұр Отан" партиясынан VI шақырылымдағы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі (24.03.2016 бастап)

Жетінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (14.01.2021-19.01.2023), "Жаңа Қазақстан" парламенттік тобының мүшесі (02.2022-19.01.2023)

"АМАНАТ" партиясының партиялық тізімі бойынша сегізінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (28.03.2023 бастап), Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы (29.03.2023 бастап)

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу