Президент сынынан кейін киік популяциясы мәселесі қалай шешілмек?

931

1999 жылдан бастап киіктер саны күрт төмендеп, Қазақстанда оларды атуға тыйым салынды. Кейін бұл шара 2023 жылға дейін ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Президент сынынан кейін киік популяциясы мәселесі қалай шешілмек?

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің мәлім етті. 

Оның айтуынша, бүгінде киік санының төмендеуі тоқтап, 2003 жылғы 21 мың бастан, биыл 1 млн 318 мың басқа жеткізілді. Олардың саны Кеңес Одағы кезеңіндегі ең жоғары көрсеткіштен, яғни 1 млн 200 мыңнан асты.

"Киік санын қалпына келтіру – бұл Қазақстанның жетістігі екені сөзсіз, киіктің әлемдік популяциясының 95%-ы біздің елімізде. Киік – қазақ үшін киелі жануар, ұлттық брендіміз де деуге болады. Оны сауатты басқару – біздің алдымызда тұрған үлкен міндет, барлық пікірлерді ескеріп, міндетті түрде ғылыми орталықтармен ақылдасып, жүйелі түрде шешу қажет", – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ғылыми ұйымдар, мүдделі мемлекеттік органдар, салалық қауымдастық өкілдері қатысуымен киік популяциясын басқарудың жаңа тәсілдерін қарастыру мәселесі бойынша кеңес өткізілді.

"Зоология институты мен Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы өкілдері әрбір популяцияның санын зерттеп, жүйелі түрде мониторинг жүргізуде. Сонымен қатар олардың санын бақылау үшін Қазақстандағы киік популяциясы аумағындағы экожүйені кешенді бағалау бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуі керек екенін айтуда. Ғылыми зерттеулер жүргізгеннен кейін киік санын басқарудың баламалы әдістері анықталады", – деді министр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу