Президент тағайындайтын министрлер тізімі нақтыланды

1270

Президент тағайындайтын министрлер тізімі нақтыланды

Бүгін мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар пысықталып, қызу талқыланды, деп хабарлайды 24.kz.

Дәлірек айтсақ, президент тағайындайтын министрлер тізімі нақтыланды. Комитет мүшелері елбасы ішкі істер министрін де өзі тағайындайтынын айтты. Оған дейін еліміздің сыртқы істер, қорғаныс және әділет министрін тағайындау мемлекет басшысының құзыретінде қалған болатын. Президент ішкі және сыртқы саясатты іске асырып, ұлттық қауіпсіздікке жауап береді.

"Бүгінгі таңда парламент заңға қол қойғанша елбасы конституциялық кеңеске сол заңды жіберуге құқылы. Конституцияның нормасына сәйкес пе, әлде басқаша ма, осының бағасын беріңдер деп жіберуге құқылы. Ал енді конституцияның 44-бабына өзгеріс енгізу ұсынылып отыр", – дейді мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу