Қытаймен шекарада тексеріс басталды

2064

Бүгінде Қазақстан-Қытай шекарасы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Қытаймен шекарада тексеріс басталды Фото: ehonews.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде арнайы жұмыс тобы қос мемлекеттің шекарасында тексерулерді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

"Қазіргі таңда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасы шеңберінде Бас прокуратура, Қаржы мониторингі агенттігі және Қаржы министрлігі өкілдерінен құрылған арнайы жұмыс тобы Қазақстан-Қытай шекарасында тексерулерді жүргізіп жатыр.
Тексеру тек уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесі бар импорттаушыларға қатысты жүргізіледі", – деп жазылған хабарламада.

Оның қорытындысы бойынша Қазақстан заңнамасында көзделген шаралар қабылданады.

"Жүргізіл жатқан тексерулер тауарларды кедендік шекара арқылы заңды түрде өткізуге кедергі келтірмейді және адал бизнес сыртқы экономикалық қызметті шектеусіз жүзеге асырады", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2021 жылдың қорытындысы бойынша нарықта Қытаймен импорттық операцияларды жүзеге асыратын 7 241 сыртқы экономикалық қызметке  қатысушылар жұмыс істейді. Оның ішінде 17 субъекті УЭО болып саналады. Оларға оларға импорттың барлық көлемінің 18%-ы тиесілі. Бұл ретте 5 УЭО – өз мұқтаждары үшін өнімдерді импорттайтын өндірістік сектор және 2 УЭО квазимемлекеттік сектор ("Қазпочта" АҚ және "ҚТЖ" АҚ еншілес ұйымы – KTZ Express АҚ). 

Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай шекарасындағы бейберекетсіздік туралы ашық айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу