Президент сөзінше, мұндай мектептер еліміздің барлық аймағынан ашылуы керек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Мен бүгін Таразда жаңадан ашылған әскери мектеп-интернатқа бардым. Бұл – оңтүстік аймақтарда ашылған осындай алғашқы оқу орны. Мен мектеп-интернатқа осы өлкенің тумасы, әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлының есімін беруді ұсынамын.
Осындай Бауыржан мектептері барлық аймақта ашылуы керек. Үкімет бұл мәселені пысықтайды. Біз жас ұрпаққа сапалы білім беріп, оларды отаншылдыққа тәрбиелеуіміз қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Кеше ғана Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толған еді.
"Даңқты қолбасшының нағыз ерлік жолы елімізбен қатар, шетелдерде өте танымал. Халқымыз оны қаһарман тұлға ретінде құрмет тұтады. Бірақ әйгілі батырға ресми түрде "Халық қаһарманы" атағы берілмеген, – деп нақтылаған болатын Президент.