Президент "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы" заңға қол қойды

182

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау туралы" заңға қол қойды  Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және білім беру-сауықтыру қызметтері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Құжат бірнеше шараларды қарастырады, соның ішінде:

  • тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану саласындағы лицензиялау жүйесін жетілдіру және біліктілік талаптарын айқындау;
  • Ұлттық археологиялық қызметтің жұмыс істеу тәртібі мен археологиялық жұмыстарды үйлестіру құзыретін бекіту;
  • археологиялық жұмыстар бойынша бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе құру;
  • тарихи-мәдени сараптама қорытындысын ескере отырып жер учаскелерін беру тәртібін нақтылау;
  • археологиялық олжалар мен материалдарды табыстау, сақтау және пайдалану тәртібін, Ұлттық депозитарий құру арқылы реттеу;
  • жоспарлы және жоспардан тыс археологиялық жұмыстарды бөлу және оларды жүргізуге біркелкі талаптар енгізу.

Аталған өзгерістер археологиялық қызметті жүйелеуге және тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау кепілдігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу