Президент Тоқаев Ұлыбритания Королінің көңілін сұрады

265

Мемлекет басшысы Ұлыбритания Короліне жеделхат жолдап, тілегін жеткізген.  

Президент Тоқаев Ұлыбритания Королінің көңілін сұрады Фото: akorda.kz

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, жеделхат жолдады", - деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Айта кетейік, күні кеше Букингем сарайының баспасөз қызметі дәрігерлер Ұлыбританияның қазіргі королі Чарльз III-ке қатерлі ісік диагнозын қойғаны туралы мәлімдеді. Монарх ауруына байланысты қоғамдық міндеттерін кейінге қалдырған. Букингем сарайының өкілдері бұл уақытша екенін баса айтты. Дегенмен, король ресми құжаттарды қарап, мемлекеттік істерді жүргізуді жалғастыра бермек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу