Президент: Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды

1643

Қасым-Жомарт Тоқаев сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуі тиіс деп мәлімдеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеді, деп жазды inbusiness.kz. 

Президент: Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды

"Төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болды. Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді”, – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуі тиіс деп мәлімдеді.

“Онда қызмет ететін азаматтар да – өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшін қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді”, – деді Мемлекет басшысы. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу