Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен телефон арқылы сөйлесті

105

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.   

Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен телефон арқылы сөйлесті Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Аркадаг Гурбангулы Бердімұхамедовтің Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ғасырлардан тамыр тартатын достыққа, тату көршілікке және өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестікті нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында тараптар қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейіне назар аударып, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер мен өзара ықпалдастық перспективасын талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу