Президент Түрікменстанға жұмыс сапарымен барады

155

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Түрікменстанға жұмыс сапарымен барады Фото: atavatan-turkmenistan.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 қазан күндері Түрікменстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сапар Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен өтеді. Аваза қаласында өтетін сапар барысында Мемлекет басшысы бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады.

Атап айтқанда, Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және Каспий экология саммитіне қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу