Президент туризм саласындағы атқарылмай жатқан жұмыстары сынға алды

755

Еліміз туризм саласында басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді.

Президент туризм саласындағы атқарылмай жатқан жұмыстары сынға алды Фото: inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  парламент палаталарының бірлескен отырысында еліміздегі туризм саласының кемшін тұстарын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Еліміздің туристік әлеуетін де пайдалану керек. Туризм осындай серпінді жобалар қатарында болуға тиіс. Өкінішке қарай, осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатыр, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келеді", деді Президент.

Сондай-ақ, ол аталған салада кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындалуға тиіс екенін баса айтты.

"Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды. Жобаларды тиімді қолдау шараларын және оларды орындау мерзімдерін нақты айқындау керек. Оны іске асыруға шетел инвесторларын және еліміздің бизнес өкілдерін барынша тартқан жөн", деді Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу