Президент туыстарының мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым сақталатын болды

Бұл туралы Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның екінші отырысында айтылған. 

 Президент туыстарының мемлекеттік қызмет атқаруына тыйым сақталатын болды Фото: Конституциялық сот

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев редакциялық өзгерістерге кеңінен тоқталып, ұсыныстарды талқылауға атсалысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Министрдің сөзінше, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару мәселелерін реттейтін Конституцияның VIII бөліміне және басқа да бөлімдеріндегі бірқатар бабына бір палаталы заң шығару органының, яғни Құрылтайдың енгізілуіне байланысты, сондай-ақ "Республика" деген атаудың орнына "Қазақстан Республикасы" деп нақтылау мақсатында редакциялық өзгерістер енгізіледі. – Конституцияның 43-бабы өзгеріссіз қалады, – деп нақтылады Ерлан Сәрсембаев.

Бұған дейін Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысы басталғаны хабарланды. Іс-шара конституциялық реформаға байланысты түскен ұсыныстарды талқылауға арналған. 
ҚР Конституциялық Сотының төрайымы Эльвира Азимова комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс түскенін, олардың барлығы біртұтас жинақталған кестеге топтастырылғанын атап өткен болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу