Соңғы жылдары Үкімет бюджет пен салық жүйесін толығымен қайта қарағаны мәлім, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Бірақ мемлекеттік саясаттың тиімділігі, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатына, экономикалық белсенділігіне қарап бағаланады.
Сондықтан біз үшін ең маңызды мақсат – халықтың табысын ұлғайту. Ол үшін бірінші кезекте инфляциямен жүйелі түрде күресу қажет. Инфляция – бейнелеп айтқанда, азаматтарымыздың әл-ауқатына күн сайын сызат түсіріп, тұрмысын тұралатып жатқан үнсіз жау
Бағаның өсу қарқыны біршама бәсеңдеді. Дегенмен инфляция деңгейі әлі де жоғары.
Сондықтан, ең алдымен, Үкімет пен Ұлттық банк бірлесіп, үйлесімді жұмыс істеуі керек. Инфляцияны тежеп, төмендету қажет. Бұл – аса маңызды міндет, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Үкімет бюджет және салық саясатын барынша байыпты жүргізуі керек" деді.
Экономиканың өндірістік әлеуетін күшейтіп, бизнестің өнімділігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау да кезек күттірмейді.
Бұған дейін Қазақстандағы ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілетіні белгілі болды.