banner

Президент Үкіметке моноқалалаларға жұмсалатын қаржы көлемін арттыруды тапсырды

439

Өндірісті жаңғыртуға әрдайым инвестиция құю керек.

Президент Үкіметке моноқалалаларға жұмсалатын қаржы көлемін арттыруды тапсырды

Мемлекет басшысы шағын қалалардағы инженерлік инфрақұрылымның әбден тозуына тоқталды. Мәселенің шешімін табу үшін қомақты қаражат керектігін айтты.

"Біздің азаматтарымыз қай қаланың тұрғыны болса да, таза, жасыл желекке толы, бақуатты, гүлденген ортада өмір сүруі керек. Оны қамтамасыз ету – мемлекеттің міндеті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Экология проблемасынан бөлек облыстың өндірістік кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды. 

Мысалы, тек 2022 жылы "АрселорМитталТеміртау" АҚ объектілерінде жұмысшылар қаза тапқан бірнеше оқиға тіркелді. Ірі компаниялар өндірісті жаңғыртуға әрдайым инвестиция құюы керек. Уәкілетті органдар өндірістік апаттардың көбейгені үшін кәсіпорындардың жауапкершілігін күшейтетін жүйелі шаралар қабылдау қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу