Президент Ұлттық қордан қаражат алу мөлшерін азайтуды міндеттеді

812

Президент Ұлттық қор қаражатын тек бәсекеге қабілетті экономика құруға бағытталған бағдарламалар мен жобаларға ғана бөлінуі керектігін мәлімдеді.

Президент Ұлттық қордан қаражат алу мөлшерін азайтуды міндеттеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қалыптасқан мәселелерді шешу үшін Ұлттық қор қаражатын пайдалануды тоқтату керектігін атап өтіп, 2022 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт сомасының алдағы уақытта төмендейтінін хабарлады.

"Қалыптасқан проблемаларды шешу үшін Ұлттық қордың қаражатын пайдалануды тоқтату керек. Бұл болашақ ұрпаққа арналған қаражат. Ұлттық қордан трансферттер бәсекеге қабілетті экономика құруға бағытталған бағдарламалар мен жобаларға ғана бөлінуі керек", – деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.

"Кепілдендірілген трансферт көлемі 2022 жылдан бастап біртіндеп 2 трлн теңгеге дейін кемуі керек", – деп түсіндірді мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу