Президент жаңадан тағайындалған министрге бірқатар тапсырма берді

529

Мемлекет басшысы көлік министрі Нұрлан Сауранбаевты қабылдады.  

Президент жаңадан тағайындалған министрге бірқатар тапсырма берді Фото: akorda.kz

Кездесуде еліміздің көлік-транзит әлеуетін одан әрі арттыру шаралары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан аумағы арқылы жүк тасымалын ұлғайту үшін автомобиль жолдары мен авиахабтар желісін белсенді дамыту маңызды екеніне назар аударды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар теміржол саласындағы ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды уақытылы жүзеге асыру мәселесіне айрықша мән берілді.

Көлік-логистика секторының ІЖӨ-дегі үлесін ұлғайту мақсатында министрге кедергі келтіретін факторларды сараптап, саланы дамыту тәсілдерін қайта қарау міндеті жүктелді.

Мемлекет басшысы көлік дәліздерінің өткізу мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі сауда-логистика торабы ретіндегі рөлін нығайту үшін жан-жақты әрі тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

Айта кетейік, ҚТЖ-ны бұрын басқарған Нұрлан Сауранбаев жуырда көлік министрі қызметіне тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу