Президент жасөспірімдер Олимпиадасының тұңғыш чемпионын жеңісімен құттықтады

313

Президент Канвондағы жарысқа қатысып жатқан барша спортшыларға табыс тіледі.

Президент жасөспірімдер Олимпиадасының тұңғыш чемпионын жеңісімен құттықтады Фото: Сали Сабиров

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты. 

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында мәлімдеді.

"Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі",-деп жазды өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Айта кетейік, шаңғымен тұғырдан секіру сайысында Илья Мизерных 214 ұпай жинап, Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу