Президент жедел жәрдем қызметінің кемшілігін атады

1007

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, шақырылған үйге жедел жәрдем көлігінің тиісті құрылғыларсыз келетін кездері көп, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Президент жедел жәрдем қызметінің кемшілігін атады

"Бірнеше айдың ішінде жаңа инфекциялық ауруханалар салынды, қажетті құрал-жабдық сатып алынды, дәрі-дәрмек қоры жасақталды. Медицина қызметкерлерін де оқыттық. Енді, осының бәрін дұрыс әрі тиімді пайдалану керек. Былтырғы жазда болған жағдайдың қайталануына жол беруге болмайды. Денсаулық сақтау жүйесінің бір қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Өкінішке қарай, осы мәселеде олқылықтар бар. Менің тапсырмам бойынша өңірдегі денсаулық сақтау нысандары тексерілді. Оның нәтижесі көңіл көншітпейді. Жаңадан салынған модульді жұқпалы аурулар орталықтары ғана стандарттарға сай келеді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңесте.

Мемлекет басшысының айтуынша, жедел жәрдем көлігінің тиісті құрылғыларсыз келетін кездері көп. Мұның салдарынан пациентті құтқарып қалу жолындағы теңдесіз уақыт жоғалады.

"Факттарға қарамастан аймақтар ауыр науқастардың бөлімшелерінің жоғары деңгейде жабдықталғаны туралы баянат жасауын қояр емес. Бұл дегеніміз әкімдіктер мен Үкімет тарапынан бақылаудың жоқтығын немесе жағдайды бүркемелеу сипаты барын байқатады. Оған жол бермеу керек", - деді Президент.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу