Президентке Жоғары аудиторлық палатаның жұмыстары жөнінде есеп берілді

390

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. 

Президентке Жоғары аудиторлық палатаның жұмыстары жөнінде есеп берілді Фото: tengrinews.kz

2022 жылы барлығы 5 триллион теңге көлеміндегі бюджет қаржысы бойынша 124 нысанда 20 аудиторлық тексеріс жүргізілген.

Сонымен қатар Наталья Годунова Қасым-Жомарт Тоқаевқа жоғары аудит органының осы жылға жоспарлаған аудиторлық және сараптамалық-талдау шаралары туралы мәлімет берді. Атап айтқанда, жылу энергетика кешенінде, сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінде және басқа да мекемелерде аудит жүргізу көзделіп отыр.

Президент Жоғары аудиторлық палатаны одан әрі трансформациялау және мемлекеттік аудит жүйесін дамыту жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу