Президенттен сөгіс алған Марат Қарабаев өз жұмысына қатысты пікір білдірді

412

Ол өзінің саяси мемлекеттік қызметші екенін еске салды. 

Президенттен сөгіс алған Марат Қарабаев өз жұмысына қатысты пікір білдірді Фото: Open Kz

Көлік министрі Марат Қарабаев өзіне жүктелген сенімді ақтау үшін бар күш-жігерін салатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өткен аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев министр Марат Қарабаевқа сөгіс берген болатын. Журналистер ведомство басшысынан "Сізге айтылған сынмен келісесіз бе?" деп сұрады.

"Саяси мемлекеттік қызметшінің Мемлекет басшысы шешімдерін талқылауға құқығы жоқ. Біздің министрлікке келетін болсақ, біз Президент жүктеген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындау үшін жұмыс істейтін боламыз. Осы мемлекеттік органның бірінші басшысы ретінде маған артылған сенімді ақтау үшін бар күшімді саламын", - деді Марат Қарабаев Сенат кулуарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу