Президентті ұлықтау рәсіміне бюджеттен қосымша қаржы бөліне ме?

Бұл сұрақты тілшілер Үкімет кулуарларында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа қойды.  

Президентті ұлықтау рәсіміне бюджеттен қосымша қаржы бөліне ме? Фото: primeminister.kz

"Президентті ұлықтау рәсіміне бюджеттен қосымша қаражат бөлген жоқпыз. Өздеріңіз білесіздер, ұлықтау процессі дегеніміз не? Президенттің ресми түрде конституциялық заң бойынша Президенттік лауазымына тағайындалуына байланысты ант беруі. Бұған көп қаражат керек деп ойламаймын. Сондықтан қосымша қаражат бөлінбейді", – деді Қаржы министрі Жамаубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу