Президентті ұлықтау салтанатында шетелдік қонақтар болмайды

1038

Ұлықтау салтанатына Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпос шақырылған.   

Президентті ұлықтау салтанатында шетелдік қонақтар болмайды

Сайлау қорытындысы бойынша жеңіске жеткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау салтанатында шетелдік қонақтар болмайды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли  "Интерфакс-Қазақстан"  агенттігіне.   

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадиярдың ақпары бойынша, ұлықтау салтанатына Қазақстанда тіркелген дипломатиялық корпос шақырылған.       

Бұрын хабарланғандай, 12 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Президенті сайлауында жеңіске жеткен   Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант қабылдау салтанаты өтеді.        

Бұдан бұрын, 2019 жылдың 19 наурызында Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін доғару туралы мәлім етіп, тиісті жарлыққа қол қойған болатын. ҚР Конститутциясы бойынша ҚР Президентінің өкілеттігі  сол кездегі Парламент сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевқа көшті.Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 2019 жылдың 9 маусымында кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы 9 сәуір күні мәлім етті. Сайлауда сайлаушылардың 70,96% дауысын алып, жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу