Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуден өткен кандидаттардың тізімі жарияланды

185

Толық тізім жобаның pkrezerv.gov.kz ресми сайтында орналастырылған.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуден өткен кандидаттардың тізімі жарияланды Фото: pkrezerv.gov.kz

Президенттік жастар кадр резервінің ресми сайтында "Сарапшылық комиссияда әңгімелесу" іріктеу кезеңінен өткен кандидаттардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әңгімелесу 2025 жылғы 8-10 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алаңында өтті, оған 150 кандидат қатысты.

Сұхбат форматы жоба презентациясын өткізуді көздеді. Кандидаттар таңдалған салалық бағыт бойынша өзекті мәселені белгілеп, оны шешудің практикалық жолдарын ұсынып, күтілетін нәтижелерді ұсынуға тиіс болды.

Сарапшылық комиссиясының құрамына Агенттік Төрағасы, Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері, мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ тиісті салалық бағыттар бойынша тәуелсіз сарапшылар кірді.

Әңгімелесу рәсімінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оны өткізуді қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қадағалады.

Отырыстардың қорытындысы бойынша Сарапшылық комиссиясы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның қарауына ұсынылған кандидаттардың тізімін қалыптастырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу