Президенттікке кандидаттар өзін-өзі ұсыну арқылы да сайлауға қатыса алады

841

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Президенттікке кандидаттар өзін-өзі ұсыну арқылы да сайлауға қатыса алады

Оның айтуынша, Президенттікке үмітті кандидаттарға қойылатын талаптар өзгермейді. 

"Президенттікке үміткерлерге қойылатын мемлекеттік қызметте жұмыс істеуінің бес жылдық өтілінің болу талабы сақталады. Неге? Өйткені Президент – дәреже бойынша ең жоғары мелекеттік қызмет атқаратын тұлға. Сондықтан оның мемлекеттік қызметте, жүйе жұмыс істеу тәжірибесі, көзқарасы болуы керек. Президенттікке кандидаттар саяси партияның атынан ғана емес, өзін-өзі ұсыну арқылы да сайлауға қатыса алады. Оның партияға мүше болуы міндетті емес", – деді вице-министр.

Алайда спикер сайлау туралы заңға өзгерістер енгізу көзделгенін атап өтті. 

"Жақын арада тиісті түзетулер ашық нормативті актілер сайтына шығарылып, халықтың талқысына салынады", – деді Әділет вице-министрі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу