Президенттікке үміткер Синан Оған Ердоғанды қолдайтынын айтты

1108

Түркия президенттігіне үміткер Синан Оған өзінің Реджеп Тайып Ердоғанды қолдайтынын ресми мәлімдеді.  

Президенттікке үміткер Синан Оған Ердоғанды қолдайтынын айтты Фото: Anadolu Agency

Ол Ata альянсының атынан түсіп, сайлаудың алғашқы кезеңінде небары 5,2% дауыс жинаған. Енді өзіне дауыс берген жақтастарын сайлаудың екінші кезеңінде қазіргі президентті таңдауға шақырып отыр.

Айта кетейік, Анадолы еліндегі президент сайлауының екінші кезеңі 28 мамыр күні өтеді. Оған Реджеп Тайып Эрдоған мен Кемаль Кылычдароглу түспек. Алғашқы кезеңде үміткерлердің біреуі де қажетті 50 пайыз дауысты жинай алмаған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу