Президенттікке үміткерлер арасындағы теледебат 11 қараша күні өтеді

652

Бағдарлама тікелей эфирде, кешкі сағат 20.00-де өтеді. 

Президенттікке үміткерлер арасындағы теледебат 11 қараша күні өтеді Фото: turkystan.kz

Орталық сайлау комиссиясында халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу, сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстар мәселелері жөнінде отырыс өтті. Отырыста кандидаттар арасында телевизиялық пікірсайыстар мен пікірталастар өткізу туралы қаулы қабылданды, деп хабарлпйды inbusiness.kz тілшісі.

Оған сәйкес, үміткерлер арасындағы теледебат 11 қараша  “Хабар” арнасында, кешкі сағат 20.00 тікелей эфирде өтеді. Сондай-ақ, пікірталасқа қатысушы үміткерлер тізімң бекітілді. Үміткерлердің теледебатқа қатысуы туралы ұсынысты, үміткерлердің сайлау алды штабтары ұсыныс жасаған
Телевизиялық пікірсайысқа қатысуға Қарақат Әбден, Мейрам Қажыкен, Жигули Дайрабаев, Салтанат Тұрсынбекова және Нұрлан Әуесбаев штабынан ұсыныс түскен. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау штабының ұсынысымен қазіргі Президенттің атынан дебатқа оның сенімді өкілі Ерлан Қошанов қатысады.

Орталық сайлау комиссиясының телевизиялық дебат өткізуге қатысты қабылдаған Қаулысында пікір-таласты өткізу тәртібі, спикерлердің сөйлеу тәртібі және ұзақтығы секілді талаптар бекітілген.

“Пікір-сайыс 4 раундтан тұрады. Біріншісінде әр үміткер өзінің сайлпу алды бағдарламасының презентациясын жасайды. Екінші раунд - дискуссия, әр үміткер екі сұрақтан қоя алады және жауап беруі тиіс. Үшінші раундта сайлаушылар тарапынан сұрақ қойылмақ. Сайлаушыларға  дебатқа қатысатын үміткерлерге 1 сұрақ қоюға алдын ала мүмкіндік беріледі.  Төртінші раундта әр үміткер сайлаушыларға қарата үндеу жасайды”, деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі А.Щегорцова.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу