Президенттікке үміткерлердің қандай сырқаты болмауы керек

1313

Мемлекет басшысы болуға үміттілердің денсаулығында кінараттың болмауы да ескеріледі.

Президенттікке үміткерлердің қандай сырқаты болмауы керек

Орталық сайлау комиссиясының "Президенттікке үміткерлердің денсаулығына қойылатын талаптар мен азаматты тіркеуде кедергі келтіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы" қаулысын жариялады. Тізімде 107 сырқаттың атауы көрсетілген. Олардың арасында психикалық, мінез-құлық, шизофрения сияқты өзге де ауру түрлері бар. Құжат 12 сәуірге дейін қоғам талқысында болады.

Еске сала кетсек, елімізде мерзімінен бұрын Президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Кандидаттарды ұсыну шарасы 28 сәуірге дейін жалғасады. Ал үміткерлерді  тіркеу 11 мамырда аяқталады. Сол күні сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталып, 8 маусымда "тыныштық күні" жарияланады. 

Бұл жолы кандидаттардың сайлауға қатысу жарнасы 2 млн 145 мың теңге деп бекітіліпті. Әр үміткерге бюджеттен 7,5 миллион теңгеден беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу