Президенттіктен үміткерлерге енді қосымша жаңа талаптар қойылады. Бұл туралы бүгін Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді.
Ведомство басшысының айтуынша ел тізгінін алатын азаматтар кемінде 5 жылдай мемлекеттік қызметте тәжірибесі болуы тиіс. Сондай-ақ, қызметіне кедергі келтіретіндей ауру-сырқаудан дін амандығы расталуы қажет. Ал мұндай медициналық кәуаландыру ісімен денсаулық сақтау министрлігі және орталық сайлау комиссиясы айналысады.
Қазір бұл екі норма "Сайлау туралы" заңға енгізіліп отыр. Айта кетейік, президентікке түсетін кандидаттар үшін бұған дейінгі қойылып келген талаптар да сақталады.
Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:
Қазір тиісті заң актілері дайындалып жатыр. Оны орталық сайлау комиссиясы мен денсаулық сақтау министрлігі әзірлеп жатыр. 2 айдың ішінде негізгі заңға қатысты шешім шыққан соң, негізгі заңды актілер қабылдануы тиіс. Осыған байланысты сұрақтарды жауапты органдарға барып қоюға әбден болады.
Автор: Арай Сүгірбай