Фейк: Президенттің Жарлығымен қазақстандықтарға 72 000 теңге төлем тағайындалды

685

Әлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаевтың денсаулық сақтау, білім беру салаларында жұмыс істейтін адамдарға және отставкадағы полицейлерге 72 000 теңге мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төлеу туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы ақпарат тарады. 

Фейк: Президенттің Жарлығымен қазақстандықтарға 72 000 теңге төлем тағайындалды

Stopfake.kz ақпараттың жалған екенін ескертеді. Себебі ресми сайттарда немесе беделді БАҚ-та бұл ақпарат жоқ, тек белгісіз аккаунтта жарияланған. 

"ҚР Президентінің ресми сайтында 72 000 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлем туралы жарлықтар жоқ. Мұндай әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің де ресми сайтында жоқ. Egov.kz электрондық үкімет порталында Қазақстандағы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер тізбесінде де денсаулық сақтау, білім беру салаларының қызметкерлері мен отставкадағы полицейлер 72 000 теңге алуға үміттене алатындығы туралы ақпарат жоқ", – деп дәлелдейді фейк ақапаратты әшкерелейтін сайт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу