Пробацияда тіркеуде тұрған азамат жақсы тәртібі үшін 1,5 тонна көмір алады

1353

Пробацияда тіркеуде тұрған азамат жақсы тәртібі үшін 1,5 тонна көмір алады

Шарбақты ауданы пробация қызметінің тізімінде тұрған 58 жастағы Абылай Бейсенбаев бүгін жақсы тәртібі үшін 1,5 тонна көмір алады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД ұсынған ақпаратқа сүйенсек, профилактикалық отырыстардың бірінде кішкентай балалары бар Абылай Бейсенбаев көмірі таусылып қалғанын және үйді немен жылытарын білмей жүргенін айтқан. Осыған байланысты аудан бюджетінен бөлінген қаржыға 1,5 тонна көмір сатып алынып, пробация қызметі үйіне жеткізіп берген.

"Тонау бабы бойынша 3,5 жылға бас бостандығына шектеу қойылған Абылай Бейсенбаев басында сот бекіткен ережені бұзып жүрген. Біз оны бақылауға алып, мұның соңы немен аяқталуы мүмкін екенін түсіндірдік. Қазір ол өзін қолға алып, ауыл әкімдігі жанындағы қоғамдық жұмыстарға қатысады. Бір жыл бойы спирттік ішімдік ішпеді. Әйелімен бірге немерелерін бағып отыр", – дейді аудандық пробация қызметінің қызметкері Мұхтар Сейітахметов.

Былтырғы жылы  жазасын өтеу орнынан босап шыққан сотталғандарға бір реттік әлеуметтік көмек көрсету үшін аудандық бюджеттен шамамен 130 мың теңге бөлінген. Бүгінде аудандық пробация қызметінің тізімінде 42 адам тұр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу