"Проблема жоқ болса, не үшін жиналып отырмыз": Депутат мәселе көтерді

406

Мәжілісте астықты тасымалдаудың өзекті мәселелері туралы комитеттің тақырыптық отырысы өтті. 

"Проблема жоқ болса, не үшін жиналып отырмыз": Депутат мәселе көтерді Фото: informburo.kz

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев комитет отырысында уәкілетті органдар өкілдерінің жасаған баяндамасына көңілі толмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Қаражат жөнінде айттыңыздар. Үшеуіңіздің баяндамаңызды тыңдадым. Барлықтарыңызда бәрі жақсы, ешқандай кедергі жоқ. Сіздер Парламентке келгенде дұрыстап анализ жасап, бүгінгі таңда қандай проблема бар, Мәжіліс мінберінде қай мәселеге көңіл бөлу керек – осыны айтпайсыздар ма?! Осы жерге шақырып алып, сөгіс беріп не болмаса қызметтен босатайын деген ешкім жоқ қой. Егін егу, оны жинау деген ойыншық нәрсе емес. Сондықтан сіздер күнделікті цифрмен есеп беруге келгендей пейіл көрсетесіздер. Мен қанағат тапқан жоқпын. Өте дұрыс емес. Бұл өз жұмысына немқұрайлы қарау. Ешқандай проблема жоқ болса, біз не үшін жиналып отырмыз? Ондай болмайды. Болашақта бұл мәселені ойлаңыздар", – деп сұрады депутат.

Жигули Дайрабаевтың сөзінше, темір жолда тарифтің қымбаттап болуы деген мәселеге ден қойған жөн. 

"Астық өткізу, жинау деген оңай емес. Айналып келгенде барлығы фермерлердің мойнында", – деді мәжілісмен.

Айта кету керек, бұған дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі отандық астыққа деген тұрақты сұраныс сақталып отырғанын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу