banner

Проблемалық қарыздар саны артты

Көрсеткіш жыл басында 669 млрд теңге шамасында болса, 1 қарашада жалпы несие портфелінің 3,7%-ын немесе 836 млрд теңгені құрады.  

Проблемалық қарыздар саны артты Фото: ernur.kz

Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

"2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банк секторы бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын (NPL90+) қарыздарының деңгейі жалпы несие портфелінің 3,7%-ын немесе 836 млрд теңгені құрады (2022 жылғы 1 қаңтарда - 3,3% немесе 669 млрд теңге)", – деп жазылған хабарламада.

ШОБ-ты ескере отырып заңды тұлғалардың портфелінде NPL90+ деңгейі 3,6%-ды немесе 365 млрд теңгені, жеке тұлғалардың портфелінде - 3,8%-ды немесе 471 млрд теңгеге жетті. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу жоғары деңгейде сақталады және 75,6%-ды құрайды.

"Банктердің меншікті капиталы биылғы жылғы қазанда 2,3%-ға 5,1 трлн теңгеге дейін өсті. 2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 18,0%-ды, меншікті капитал (к2) – 21,2%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы ықтимал тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу