"Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының өкілеттігі кеңейтілмек

654

Акционерлік қоғам кедендік төлемдерді, салықтарды және тағы басқа бірнеше функцияны алуды жоспарлап отыр.

"Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының өкілеттігі кеңейтілмек

 

 "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамы мен "Оңалту және активтерді басқару компаниясы" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы" жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады деп жазады inbusiness.kz.

 

 "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамына кедендік төлемдерді, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеуді жүзеге асыратын төлеушілер, уәкілетті экономикалық операторлар, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асырған тұлғалар және үшінші тұлға кепілге салған мүлікті, сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың билік етуі шектелген мүлкін немесе мемлекеттік кірістер органдары ұстаған тауарларды өткізу жөніндегі функцияны беру мақсатында жоба әзірленген.

 

Осы түзетулерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірге жұмыстар атқарылады .

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу