Procter&Gamble Ресейден кетуі мүмкін

689

Ресейде шамамен 2,5 мың қызметкер жұмыс істейді.

Procter&Gamble Ресейден кетуі мүмкін

Always, Gillette, Pampers, Tide, Oral-B және тағы да бірқатар брендке ие Procter&Gamble (P&G) компаниясы Ресейден толықтай кетуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

P&G Ресейге қарсы салынған санкциялар, қаржы институттарына бағытталған шектеулер, логистика мен ақша бақылауындағы мәселелерге байланысты Ресейдегі бизнесін тоқтатуы мүмкін. Компания өкілдері Ресейдің Украинадағы арнайы операциясының қанша уақытқа созылатыны, оның қалай аяқталатыны белгісіз деген мәлімдеме жасады.

Reuters мәліметі бойынша, P&G-де шамамен 2,5 мың қызметкер жұмыс істейді. Тағы 500-ге жуығы Украинада қызмет етеді, бұл елде компанияның екі зауыты бар. 

Еске сала кетсек, 8 наурызда Procter & Gamble Ресейдегі қызметін ішінара тоқтатқан болатын. Компания тек негізгі гигиена өнімдерін қалдыру туралы шешім қабылдады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу