Продюсерден бала кезінде зорлық көрген: полиция жас жігіттің мәлімдемесін тексеріп жатыр

239

Әлеуметтік желілерде зорлық туралы мәлімдеме жасалған бейнежазба тарады.  

Продюсерден бала кезінде зорлық көрген: полиция жас жігіттің мәлімдемесін тексеріп жатыр Фото: inst/nurgali.nugman

Бейнежазба авторы Нұрғали Нұғманның айтуынша, ол бала кезінде продюсерден зорлық көрген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Алматы қаласының полиция департаменті бейнежазба бойынша материал белгіленген тәртіппен тіркелгенін жариялады. Қазіргі уақытта процессуалдық тексеріс басталды.

"Жазбада көрсетілген барлық мән-жайларды, сондай-ақ оқиғаға қатысы болуы мүмкін тұлғалар мен куәгерлерді анықтауға бағытталған кешенді шаралар жүргізіліп жатыр. Балаларға қатысты ықтимал зорлық-зомбылық деректері бойынша мұндай өтініштер міндетті түрде құқықтық бағалауға жатады және ерекше бақылауда болады", – деп хабарлады қалалық департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция аталған дерек расталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Айта кетейік, Нұрғали Нұғман деген желі қолданушысы "Балапан" телеарнасында жұмыс істеп жүргенінде продюсер тарапынан зорлық көргенін мәлімдеген. Алайда кейін мәлімдемесінде айтылған жайттар "Balapan" телеарнасына емес, коммерциялық жобаға қатысты болғанын нақтылап, арна ұжымынан кешірім сұрап үлгерді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу