"Прогресс МС-35" кемесі бар "Союз" зымыранын ұшыру кейінге қалдырылды

125

Зымыранды 9 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 21:15-те ұшыру жоспарланған болатын.    

"Прогресс МС-35" кемесі бар "Союз" зымыранын ұшыру кейінге қалдырылды Фото: exclusive.kz

Байқоңыр ғарыш айлағында "Прогресс МС-35" жүк кемесі бар "Союз-2.1а" зымыран-тасығышын ұшыру кейінге қалдырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік комиссия зымыранды ұшырудың белгіленген уақыты мен күнін ауыстыру туралы шешім қабылдаған. Бұған техникалық ақаулар себеп болған. Ақаудың себептерін анықтау үшін зымыран ұшыру құрылғысынан алынып, 31-алаңдағы монтаждау-сынақ корпусына жеткізіледі. Жаңа ұшыру күні ақаулар анықталып, жойылғаннан кейін белгіленеді.

Бұған дейін "Союз-2.1а" зымыран-тасығышы "Прогресс МС-35" кемесімен бірге 6 қыркүйекте старт кешеніне шығарылып, ұшыру құрылғысына орнатылған болатын.

"Прогресс МС-35" халықаралық ғарыш станциясына 2,5 тоннадан астам жүк жеткізуге тиіс. Ұшыру станцияны қажетті материалдар мен жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу