Прогрессивті шкала мөлшерін ашық талқылаймыз – Мәди Тәкенов

938

Ұлттық кономика министрлігінің жанынан жұмыс тобы құрылды.

Прогрессивті шкала мөлшерін ашық талқылаймыз – Мәди Тәкенов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке табыс салығын азаматтардың еңбекақысына қарай прогерссивті шкаламен есептеу туралы тапсырмасы қалай жүзеге асады? Ұлттық экономика вице-министрі Мәди Тәкиев осы сауалға жауап берді. 

"Ұлттық экономика министрлігінде осы мәселені пысықтайтын жұмыс тобы құрылып жатыр. Оның құрамына Парламент депутаттары, "Атамекен" ҰКП  мен салалық министрлік өкілдері, танымал қоғам қайраткерлері кіреді. Прогрессивті шкала бойынша жеке табыс салығының шегі мен мөлшерлемесі ашық талқыланатынына сендіргім келеді. Жұмыс жаңа басталғандықтан шкаланың мөлшерлемесі әзірге белгісіз. Оны талқылауға қоғам жапай қатысатын болады. Бұл мәселеге қатысты шынайы ақпарат осы жұмыс тобынан ғана шығатынын айқым келеді. Басқа ақпараттардың фейк сипаты басым болуы мүмкін", – деді вице-министр.

Есжан Ботақара

Фото:© Fotolia / patpitchaya

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу