Прокуратура: Балалар мектепке қауіпті автобустармен тасымалданған

475

Тараз прокуратурасы қала мектептерінде балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздікті сақтау мәселесі бойынша тексеру жүргізді.  

Прокуратура: Балалар мектепке қауіпті автобустармен тасымалданған Фото: Shutterstock

Тексеріс барысында бірқатар заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

"Нәтижесінде қала мектептеріндегі 19 автобустың 10-ы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерінің талаптарына сәйкес келмеген", - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, жүргізушілер рейс алдында медициналық тексеруден өтпеген, автобустарда медициналық қобдишалар, өрт сөндіргіштер, "Балаларды тасымалдау" белгілері болмаған.

"Автобустарда тасымалданатын балалардың жалпы саны отыруға арналған орындардың санынан асқан. Балалардың қауіпсіздігіне қатер төндіре отырып, жүргізуші тасымалдауды жүргізуші куәлігінің тиісті санаты болмай, сақтандыру полисінсіз және техникалық байқаудан өтпей жүзеге асырған", - деп хабарлады тексеріс жүргізген прокурорлар.

Прокурорлық қадағалау актілерімен кінәлі адамдар әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қазір анықталған бұзушылықтар жойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу