Прокурор Шерзаттың өліміне күдіктілерге 1,6 жылдан 23 жылға дейінгі жаза сұрады

Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай сотталушыларға ең ауыр жаза тағайындау керек деп есептейді. 

Прокурор Шерзаттың өліміне күдіктілерге 1,6 жылдан 23 жылға дейінгі жаза сұрады Фото: zhogargy sot

Жарыссөз барысында прокурор тарапынан Шерзат Полат өліміне күдіктілерге келесі мерзімдер сұралды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Думан Ысқақты (кәмелетке толмаған) қылмыстық кодекстің 434-бабымен кінәлі деп танып, оны 1,6 жылға бас бостандығынан айыруды, Дархан Әскентайды, Шыңғыс Белғожаевты, Нұрбол Тоқтаубаевты, Дидар Қалиахметті 293-баптың 7-бөлігімен кінәлі деп танып, оларды әрқайсысын 7 жылға бас бостандығын айыру жасасын, Нұрқияс Ілиясовты 293-бабы, 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оған осы бап бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, қылмыстық кодекстің 60-бабына сәйкес, оған 04.04.24 жылғы Талғар аудандық сотының үкімі бойынша өтелмеген жазаның ішінара бөлігін қосу арқылы түпкілікті 9 жылға, Азамат Тоқтаубаевты 15 жылға (өтелмеген жазасын толық қосқанда), Равиль Сәкиевті 20 жылға (өтелмеген жазасын толық қосқанда), ал Абзал Шынасылды 23 жылға (өтелмеген жазасын толық қосқанда), бас бостандығын айыру жазасын сұраймыз, – деді Дана Сәрсенбай.

Еске салайық, бұған дейін сот Ержан Жанұзақов күдіктілерге тағылған айыпты айтып өткен еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу