Пусан – Алматы бағытында тікелей әуе рейсі ашылады

97

Оңтүстік Кореяның EasterJet әуе компаниясы рейстерді аптасына екі рет орындайды.  

Пусан – Алматы бағытында тікелей әуе рейсі ашылады Фото: gov.kz

Осы жылдың 1 мамырынан бастап Пусан мен Алматы арасында тікелей әуе қатынасы жолға қойылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жаңа бағыт Оңтүстік Кореяның ірі портты қаласы мен Алматыны жалғап, екі ел арасындағы туристік әрі іскерлік байланыстарды жаңа деңгейге көтереді. Сонымен қатар сапарларды бұрынғыдан да қолжетімді және ыңғайлы етеді.

Алматыға оңтүстіккореялық туристердің қызығушылығы тұрақты түрде артып келеді.

2025 жылы қалаға Оңтүстік Кореядан 23 мыңнан астам қонақ келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,3%-ға көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу