Жалған ақпарат: Путин арнайы операция мәртебесін өзгерту туралы халыққа үндеу жасайды

435

Қазіргі уақытта Украинада арнайы әскери операция режимін өзгерту туралы шешім қабылданған жоқ. 

Жалған ақпарат: Путин арнайы операция мәртебесін өзгерту туралы халыққа үндеу жасайды

Бұл туралы РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып.

Журналистермен кездесу барысында Песков Украинадағы әскери арнайы операция режимін терроризмге қарсы операция режиміне ауыстыру туралы хабарламаларға түсініктеме берді.

"Бұл мәселе елдің Жоғарғы Бас қолбасшысы мен Президентінің толық құзыретінде. Бүгінгі таңда мұндай шешімдер қабылданған жоқ", – деп жауап берді Песков.

Ол сондай-ақ Президенттің арнайы әскери операция мәртебесін өзгерту туралы хабарламасын дайындағаны туралы хабарламаларды жоққа шығарды. 

"Халыққа үндеу болмайды. Жалған ақпарат", – деді Песков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу