Путин әскерге жыл бойы шақырту туралы жарлыққа қол қойды

132

Қаңтардан бастап әскери қызметке шақыру жыл соңына дейін жүргізіледі. 

Путин әскерге жыл бойы шақырту туралы жарлыққа қол қойды Фото: РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин 2026 жылы әскери қызметке жыл бойы шақыру туралы бірінші жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап. 

Құжат нормативтік-құқықтық актілердің ресми порталында пайда болды.

"1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін Ресейдің 18 бен 30 жас аралығындағы, запастағы емес және 1998 жылғы 28 наурыздағы №53-ФЗ "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" федералдық заңына сәйкес әскери қызметке шақырылуға тиіс азаматтарын әскери қызметке шақыру жүзеге асырылсын. Шақырылатындардың жалпы саны – 261 мың адам. Әскери қызметке шақырылған азаматтарды аталған федералдық заңда белгіленген мерзімдерде әскери қызмет өткеру орнына жөнелту қамтамасыз етілсін", – делінген жарлықта.

Құжатқа сәйкес, мерзімді әскери қызмет ету уақыты аяқталған солдаттар, матростар, сержанттар мен старшиналар әскери қызметтен босатылмақ.

Енді келесі жылдан бастап әскери қызметке шақыру жыл бойы жүргізіледі. Ал шақырылғандарды әскерге жөнелту бұрынғыдай 1 сәуір мен 15 шілде аралығында және 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады. Электронды шақыру қағазы бойынша әскери комиссариатқа келу мерзімі 20 күннен 30 күнге дейін ұзартылды.

Айта кету керек, бұған дейін Ресей алдағы үш жылда да әскери шығындарға көп қаражат жұмсайтынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу