Путин Беларуське Ресейдің бір бөлігі болуды ешқашан ұсынған емес – Лукашенко

499

Сондай-ақ Беларусь басшысы ол билікте болған кезде бұл елдің ешбір мемлекетке қосылмайтынын баса айтты.

Путин Беларуське Ресейдің бір бөлігі болуды ешқашан ұсынған емес – Лукашенко

Беларусь Президенті Александр Лукашенко ресейлік әріптесі Владимир Путин Беларуське ешқашан Ресей Федерациясының құрамына кіруді ұсынбағанын айтты.

"Путин маған "Беларусьті Ресейге қосайық" деп ешқашан айтқан емес. Ешқашан", – деді Лукашенко бейсенбі күні елдің мектептері мен университеттерінде тікелей эфирде өткен ашық тарих сабағында.

Оның айтуынша, Беларусьтің Ресей Федерациясына кіруін ешкім талап етпейді. Президент Беларусь пен Ресей өзара тиімді ынтымақтастықта екенін, Беларусь тарапы энергия ресурстарын бәсекеге қабілетті бағамен алатынын, өз кезегінде Ресей Федерациясына да қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу