Путин Еуразиялық экономикалық форумда сөз сөйлейді

417

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық форумның (ЕЭФ) пленарлық отырысына қатысады. 

Путин Еуразиялық экономикалық форумда сөз сөйлейді Фото: Интерфакс

Іс-шара "көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграцияға" арналады, деп хабарлайды inbusiness.kz Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еуразиялық экономикалық форум Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттер мен байқаушы мемлекеттер басшыларының қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қарай орайластырылған.

Путин форумға 25 мамырда қатысады, онда түрлі жобаларды іске асыру, Одақтың халықаралық қызметі мен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту мәселелерін қарау жоспарлануда. Сондай-ақ, Путин ЕАЭО-ға мүше елдер мен саммитке шақырылған мемлекеттер басшыларымен бірқатар жеке кездесулер өткізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу