Путин кандидатурасы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды

604

Биылғы үміткерлер қатарында Трамп, Навальный,Тихановская бар. 

Путин кандидатурасы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды

Ресей президенті Владимири Путиннің кандидатурасы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынылды. Ослода орналасқан Нобель комитетіне өтінішті жазушы Сергей Комков 9 қыркүйекте жіберген. 

"Бұл осымен төртінші мәрте бейбітшілік сыйлығына өтінім жазуым. Тиісті құжат 9 қыркүйекте жіберілді, 10 қыркүйекте комитеттің Ослодағы штаб-пәтеріне түсті", – деді Комков. 

Оның айтуынша, өтінімдерді қабылдау қыркүйекте басталып, қазанға дейін жалғасады. Комитет наурыз айына құжаттарды қарастырып, сәуірге дейін кімнің тіркелгенін жариялайды. 

Бейбітшілік сыйлығы – швед өнертапқышы Альфред Нобель өсиет етіп қалдырып кеткен бес сыйлықтың бірі. Ол бейбітшіліктің нығаюына зор үлес қосқан белгілі бір адамға не ұйымға беріледі.

Тағы бір жайт, биылғы үміткерлер қатарында АҚШ президенті Дональд Трамп, ресейлік оппозиционер Алексей Навальный, Беларусь оппозиционері Светлана Тихановская бар. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу