Путин: Қазақстан – орыс тілінде сөйлейтін ел

2020

Путин "Байқоңыр" ғарыш айлағы бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.  

Путин: Қазақстан – орыс тілінде сөйлейтін ел

Қазақстан – орыс тілінде сөйлейтін ел. Ресей Президенті Владимир Путин жыл сайынғы баспасөз мәслихатында осылай деді.

"Елдеріңізде орыс тілін оқытатын мектептер мен ЖОО филиалдарының саны артуда. Біз Қазақстанмен ҰҚШҰ-ның белсенді мүшесі ретінде бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Әскери жабдықтар мен техникалар Қазақстанға ресейлік бағамен жеткізіліп жүр көбінесе. Қазақстанның тұңғыш президентінің бастамасымен Еуразиялық экономикалық кеңес құрылған еді. Сондықтан екі ел арасындағы қарым-қатынас деңгейі сақталатынынан үміттемін", – деді Путин.

Қазақстандық журналистің "Ресей жақын арада Қазақстанмен қарым-қатынастың қандай бағыттарына назар аударады. Келесі жылы біздің елге баруды жоспарлап отырсыз ба?" деген сұрағына ол:

"Қазақстан – біздің жақын одақтастарымыздың бірі. Біз бірегей қарым-қатынас орнаттық. Қазіргі президентпен де қарым-қатынасты осы деңгейде сақтаймыз", – деп жауап берді.

Ресей басшысы келесі жылы Қазақстанға келуге уәде берді.

"Бізде қалыптасқан ынтымақтастық бағыттары – экономика, экономикалық байланыстарымыздың құрылымын өзгерту, жоғары технологиялық даму, яғни цифрландыру, генетика, медицина, ғарыш бағыттары бойынша жұмыс істеу", – деді Ресей басшысы.

Путин "Байқоңыр" ғарыш айлағы бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу