Путин келесі айда Қазақстанға келеді

610

Ресей Президенті Владимир Путин қазан айында Нұр-Сұлтанда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске және ТМД саммитіне қатысады, сондай-ақ "Ресей-Орталық Азия" форматында жоғары деңгейдегі кездесу өткізеді.

Путин келесі айда Қазақстанға келеді

Бұл туралы Мемлекет басшысының халықаралық істер жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков хабарлады.

"Бздің президент Нұр-Сұлтанда өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске әрі ТМД саммитіне қатысады. Іссапар қазан айына, дәлірек айтсақ, 12-14 қазанға жлспарланған", – деді Ушаков журналистерге.

Сондай-ақ Президент көмекшісінің айтуынша, Қазақстандаға сапар барысында Путиннің жоғары деңгейдегі кездесуін "Ресей-Орталық Азия" форматында өткізу жоспарланған.

АӨСШК VI саммиті 12-13 қазанда Астанада өтеді. Бүгінде АӨСШК 27 мүше мемлекетті, соның ішінде Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Қытай және Ауғанстанды қамтиды.

Динара Мұрат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу