Путин контрсанкциялар туралы жарлыққа қол қойды

650

Қара тізімге енген елдерге ресейлік өнімдер мен шикізат жеткізілмейтін болады.

Путин контрсанкциялар туралы жарлыққа қол қойды

Ресей Президенті Владимир Путин контрсанкциялар туралы жарлыққа қол қойды. Құжат жергілікті құқықтық ақпарат порталында жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жарлыққа сәйкес, Ресейге жау болып есептелетін мемлекеттерге қарсы экономикалық шектеулер қабылданады. Ресейлік контрагенттерге санкциялық тізімге енген шетелдік жеке және заңды тұлғалармен келісімшарт жасасуға, олардың алдындағы міндеттемелерді орындауға тыйым салынады.

Сондай-ақ тізімге енген елдерге ресейлік өнімдер мен шикізат жеткізілмейтін болады. Жарлық президент қол қойған сәттен бастап күшіне енеді.

Ескере кететін жайт, жақында Еуропалық Одақ Сыртқы істер жөніндегі Кеңесінің келесі отырысында Ресейге қарсы санкциялардың алтыншы пакетін қабылдайды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу